Қайырымды өрт сөндірушілер

Қандай төтенше жағдай орын алса алғашқы болып көмекке келетін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, қиындыққа кез болғанда да қол ұшын созатындар осы батыл жандар. Бұл мамандық иелері тек қайсар ғана емес мейірбан жандар. Бұл жолы №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 7 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған көп балалы анаға көмектесіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Аталған іс-шара жыл басынан бері жүргізіліп жатқан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «30 қайырлы іс» акциясының жалғасы болатын. Қайырымдылықты игі іс деп білетін өрт сөндірушілер бұл бағытта жұмысты қарқынды жүргізуде, осы орайда баршаңызды осы қайырымды іске ат салысуға шақырамыз.

Шымкент қаласы ТЖД