2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

«2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланып, қаржы көлемі алғаш рет 613 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеу шешімі қабылданды.
Сонымен қатар сессия отырысында жергілікті тұрғындардың пікірі негізінде 139 көше, 13 білім беру ұйымдары мен кітапханаға атау беру бойынша Үкімет жанындағы ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы бірлескен шешім қабылданды.

Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптауға арналған қызметтерді көрсету тарифі бекітілді.
Бөлінген қаражат пен межеленген жоспарлар қала халқының табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.