«25 қазан — Республика күні» мерекесіне орай полицейлер марапатталды

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы Есімжан Надиров мәжіліс залында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімін өткізді. Жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған 10 полицейді “Алғыс хатпен” марапаттады.

Яғни полиция бастығы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстары үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

ТО ПД баспасөз қызметі