7 529 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді

Қызылордада жыл басынан бері 7 529 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді. Ал көмек алушылардың ішінен еңбекке жарамды 1828 адам жұмыспен қамтылды деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі баспасөз орталығы.

Оның ішінде 812-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова мәлімдеді.

Мемлекет тарапынан бөлінетін жәрдемақылар, әлеуметтік көмектерден бөлек жыл сайын қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып отырады. Былтыр көмекке мұқтаж 14 мыңнан астам отбасына 161 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар берілді. Сондай-ақ, «Асар» әдісімен аз қамтылған көп балалы 20 отбасы тұрғын үйге қол жеткізді. Ал биыл «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында 1000-нан астам отбасына көмек көрсетілді. Жақында аймағымызда республикалық «Халық» және «Береке» қайырымдылық қорлары «Халық берекесі» әлеуметтік жобасын ұсынды. Бұл жоба көмекке мұқтаж отбасыларды «дағдарыс» жағдайынан шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, үйлестіру жұмыстары жүргізілуде, — деді Гаухар Амангелдіқызы.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 1600 дана техникалық оңалту құралы берілді.