Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде бүгінгі таңдағы келесідей өзекті мәселелер қаралды: 1. Әлеуметтік желілерде салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының ресми парақшаларын ашу, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жарияланымдарына қолдау көрсету;2.Салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жобаларына қатысуы;3.«QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетінің жеткізілімі жайлы. Бірінші мәселе бойынша сөз алған кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Айнұр Бекасанова Кеңес мүшелерінен заман ағымына сай әлеуметтік желілерде салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының ресми парақшаларын ашу қажеттігі жайлы айтты. Жеке аккаунт ашудың маңыздылығы әр салалық атқарған жұмысы туралы ақпаратты сол парақшаға орналастыру арқылы қор түзеді. Сонымен қатар, жеке парақшаның кәсіподақ мүшелерімен кері байланыс орнатудағы тиімді тұстарын кеңінен түсіндіріп өтті. Кеңес мүшелері бұл ұсынысты толық қолдап, бірауыздан мақұлдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының еңбек адамын ұлықтау жобаларына қолдау көрсетуді сұрады. Алдағы уақытта осы жобаға ұсынатын құжаттарды дер кезінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне жолдану қажеттігі сөз етілді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша салалық кәсіподақ филиалдары басшыларының «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетінің жеткізілімі туралы ақпараты тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы