Advanced Cyber Security Architect, Honeywell компаниясының киберқауіпсіздік бойынша инженері, CISSP | GICSP | CISM | CISA
IT саласындағы тәжірибесі: 16 жыл
Background: IT саласына қалай келдіңіз
Мектеп бітірісімен ҚазҰТУ грантына радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығына түстім. Оқуды үздік бітіргеннен кейін «Болашақ» бағдарламасымен Калифорния Университетінің магистратурасына түстім. Мен компанияда IT-менеджер болып жұмыс істегенімде, күніне кемінде 12 сағат жұмыс істейтінмін. Сол кезден бастап менің киберқауіпсіздік сапарым басталды.
Сіз қандай жетістікті мақтан тұтасыз?
Ауылдан келген менің оқушым (менти) үздік университетке грантқа қаржылық қолдаусыз түсті, басқа ментилер де мансап бойынша өсті, халықаралық сертификаттарға ие болды. Мен Siberx консультативтік кеңесінің, 1-ші жаһандық киберқауіпсіздік обсерваториясының мүшесімін, ISACA Nur-Sultan Чаптерінің Президенті, IQanat және CISSP менторымын, IFSEC Global 2022 қазылардың мүшесімін, 2022 киберқауіпсіздік бойынша жаһандық ментор (GMFC) бағдарламасының менторымын, Астана IT университетінде диплом жобасын жүргіземін, Қазақстанда Women in Cyber KZ деген қоғамдастығын құрдым.
Қазақстандағы IT саласын қалай бағалайсыз?
Соңғы жылдары Қазақстанда цифрландырудың әртүрлі бағдарламаларының арқасында ІТ секторы қарқынды дами бастады. Бірақ Қазақстандағы киберқауіпсіздік саласы әлі ерте сатыда.
IT саласындағы қыздар туралы
Қазіргі кезде IT саласында әйел адамдар өте көп, бірақ ақпарат және киберқауіпсіздік саласында олардың саны аз. Осы саладағы қыздарды жинай бастағанда 66 қызды ғана жинадым деп айта аламын. Дүние жүзінде киберқауіпсіздікте тек 24% әйел адамдар, мен жасайтын сала OT Cyber Security тек қана 10% әйел адам.
Дискриминация туралы
Мен өз саламда ешқашан дискриминация көрген емеспін. Мен екі баланың анасымын және өз тәжірибемнен айта аламын, отбасы мен жұмыс арасындағы баланс өте қиын. Яғни, әйелдер үшін карьералық өсуді шектеу ішкі психологиялық тосқауылға айналуы мүмкін, ол ең алдымен отбасы мен бала-шағаның қамын ойлайтын ошақтың сақтаушысы болуы керек. Бірақ егер мақсат пен мотивация болса, сіз әйел, ана, жар болып қала отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе аласыз.
Жоспарлар туралы
Қазақстандағы білікті киберқауіпсіздік қызметкерлерінің деңгейін көтеру мақсатында көбірек тегін кездесулер, семинарлар, вебинарлар ұйымдастыру. Мұнымен тоқтап қалмай, кәсіби деңгейімді арттыру.
Жұмыстың ең қиын жағы
Технология өте жылдам дамып жатыр, сонымен қатар қауіптер де дамиды. Хакерлер ақылды, әрдайым бір қадам алда жүреді. Сол үшін білімді жаңартып отыру және үнемі қауіп-қатердің алдын-алу қиындау болып келеді.
Жұмыстың ең жағымды жағы
Әрдайым жаңа нәрселерді үйрену. Маған үнемі зерттеу және оқу үдерісі ұнайды.
Жастарға беретін кеңес
Дербес білім алуды және жаңа білім іздеуді тоқтатпаңыздар.
Ең үлкен арманыңыз қандай?
Қазақстан азаматтырының киберқауіпсіздік саласындағы дәрежесін халықаралық деңгейде жетілдірсем деймін.
Алтынгүл Жанабай