Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қуаныш Жораұлы Арслановты құрметті демалысқа шығарып салды.Қуаныш Жораұлы азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі лауазымынан бастады. Қатардағы және кіші басшы құрамнан бастап бөлімше командирі лауазымына дейін жетті. Сонымен бірге ол өзін жауапты, еңбекқор, өз ісіне адал қызметкер ретінде көрсетті. Басшылық біліктілік дағдыларын ескере отырып, Қуаныш Жораұлын 2006 жылы офицерлік қызметке ауыстырды. Ол орта және аға басшы құрам санатындағы қызметін Шымкент қ. №2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымынан бастады.Азаматтық қорғау органдарындағы 21 жыл ішінде подполковник Арсланов қатардағы жауынгерден бастап басқарма бастығына дейінгі барлық сатылардан өтті. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде ерлік пен қажырлықты көрсетіп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірнеше рет наградалармен марапатталды.Қызмет еткен жылдары өрт күзеті ардагерлерінің лайықты ізбасарларына айналған және қазір азаматтық қорғау органдарында абыроймен қызмет атқарып жүрген көптеген жас жауынгерлерді тәрбиеледі.ТЖ департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рашид Айвазов өз құттықтауларында нағыз өрт сөндірушінің барлық адами және кәсіби қасиеттерін атап өтіп, оған еңбегі сіңген «демалыста» барлық игіліктерді тіледі. Бұл ретте жас зейнеткерге босаңсымай, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жас буынын тәрбиелеу жөніндегі іске белсенді қатысуды еске салды.Сондай-ақ, қызметтегі әріптестер алғыс сөздер мен ізгі тілектерін білдірді.
Шымкент қаласы ТЖД кадр қызметі басқармасы