Кентау қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында референдум бойынша «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы семинар өткізді.
• Семинарға кенді шаһардағы 34 референдум комиссиясының төрағалары мен хатшылары, аталмыш қоғамдық ұйымнан байқаушы ретінде ұсынылатын азаматтар қатысты.
• Филиал төрағасы Бақытжан Әшірбаев референдум комиссиясы төрағаларының жұмысы, жалпы референдумды заң аясында өткізу мәселесіне терең тоқталды.
• Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Бақытжан Шәкірұлы заңға сәйкес жан-жақты жауап берді.