Цифрлық технологиялар тұрғындар қауіпсіздігін арттыруға сеп болып отыр

Цифрлық технологиялардың қолданысқа енуі тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, өмір сүру сапасына оң нәтиже беріп отыр. Бірнеше жылдан бері Түркістан облысында мектеп оқушыларының қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жобалар қолға алынуда. Бұл бастама полицияның жұмысын оңтайландырып қана қоймай, халықтың еш кедергісіз, қауіпсіз жүріп тұруына жағдай жасап отыр деуге болады.

Облыс  тұрғындары соңғы жылдары Түркістан облысы аумағында, әсіресе орталығында көлік қозғалысы болсын, жаяу жүргіншілер не веложолдарда жүру едуір жеңілдегенін айтады. Ағымдағы жылдың 4 мамырында Түркістан қаласында «Қорғау» жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе «Сергек» камераларының көмегімен патрульдік полиция қызметкеріне 10 минут ішінде жол жүру ережесін бұзған автокөліктерді, жалған нөмірлер орнатылғанын, айыппұл төленбегенін хабарлай алатын немесе іздеуде жүрген қылмыскерлер туралы ақпаратты беріп отырады».

«Сергек» жобасын іске асыру бойынша былтыр наурызда, Түркістан облыс әкімдігі, Облыстық полиция департаменті және «Көркем Телеком» серіктестіті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумқа қол қойылған еді. Пилоттық жоба аясында Түркістан қаласындағы көше қиылстарына 26 «Сергек» кешені, желілік учаскелерде 30 кешен, және жалпы 200 жалпы бейнебақылау камерасы орнатылды.

Ал, облыстық тәртіп сақшылары: «Б. Саттарханов пен Әмір Темір көшесінің қиылысында тұрмыз. Бізге жедел басқару орталығынан түскен мәлімет бойынша көліктерді тексеріп ұрланған ба іздеуде ме, соны анықтаймыз», дейді.

Сонымен қатар, аймақта «Сергек» жобасының жүзеге асуына облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы мамандары да атсалысқан екен. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Сергек» жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде жол көлік оқиғасы 31 пайызға төмендеп, зардап шеккендер саны 41 пайызға  азайған.

Облыс аумағында сонымен қатар,  «Қауіпсіз мектеп» жобасының нәтижесі де оң бағасын алды,- дейді мамандар. Облыс аумағындағы 952 мектептің 551 бейнебақылау орнатылған.  Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған «Сергек», «Қауіпсіз мектеп» жобалары Түркістан облысындағы қала мен аудандарда кезеңімен қолданысқа енетін болады, дейді жауапты мамандар .

Ntime.kz