Тұрақты дамуға нақты қадам жасалды

Алматыда Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар бойынша БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) жұмыс тобының 3-ші сессиясы өтті. Кездесуге қатысушылар 2021-2022 жылдардағы жұмыс қорытындыларын шығарды және тұрақты даму үшін СПЕКА инновациялық стратегиясын іске асыру тетіктерін талқылады.

            Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар жөніндегі жұмыс тобының құрамына жоғары деңгейлі саясаткерлер, зерттеушілер және СПЕКА-ға қатысушы жеті елдің, атап айтқанда Ауғанстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның инновациялар мен технологиялар саласындағы басқа да мүдделі тараптары кіреді.
            Биылғы кездесу гибридтік форматта өтті, оған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, Солтүстік және Орталық Азияға арналған субөңірлік бөлімшенің (SONCA) басшысы, ЭСКАТО Николай Помошников, БҰҰ Еуразиялық экономикалық комиссиясының өкілі Кристофер Ати, сондай-ақ СПЕКА мүшелері қатысты.    Сессияның ашылуында сөз сөйлеген Асқар Жамбақин Қазақстанда цифрлық трансформация бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, нәтижелі шаралардың арқасында еліміз онлайн қызметтерді дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 11 – орынға, «электрондық үкіметті» дамыту индексі бойынша 29 – орынға және киберқауіпсіздік деңгейі бойынша 31-орынға ие екенін атап өтті.  
         «Біз жаңа жүйелерді әзірлеу және мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылды жеңілдету үшін азаматтармен және бизнеспен қарым-қатынас арналарын кеңейту арқылы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының цифрлық күн тәртібін белсенді түрде дамытудамыз. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтердің шамамен 95%-ы автоматтандырылып, электронды форматқа көшірілді, қазір біз қызметтерді цифрландырудың 100% жолында тұрмыз»,-деді вице-министр.
            Сонымен қатар, Асқар Жамбақин өңірде бір мемлекет ғана жүргізіп отырған цифрландыру ЭСКАТО ұйымына қатысушы барлық елдердің цифрлық дамуына алып келмейтінін атап өтті. Осылайша, Қазақстан заңнамалық деңгейде цифрлық құжаттарды қағаз құжаттарға теңестірсе де, біздің шетелдегі азаматтарымыз қағаз нұсқаларын қолдануға мәжбүр.

Ntime.kz