Түркістан облысында «Нәтиже» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді алу және билікпен кері байланыс жасау әлдеқайда оңайырақ болмақ деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Азматтардың өтініштерін қабылдауда жүйелі мәселелерді болдырмау мақсатында өнірде «Нәтиже» пилоттық жобасы қолға алынды. Жаңа жоба «бір терезе» қағидаты бойынша әзірленген. Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылған болатын.

    Пилоттық жоба халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленген және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізіледі. Жоба азаматтардың өтініштерін қабылдау, өтініш берушілердің сұрақтары бойынша консультациялар жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсетуді бір алаңға шоғырландырудың көрінісі болып табылады.

    Сонымен қатар өңірдің әрбір тұрғыны үшін қызмет ресімдеу, өтініш тіркеу, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алу, сондай-ақ әкімнің және жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі бар.

    Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде енгізіледі.

    «Азаматтарға арналған үкімет» Түркістан облыстық филиалының мәліметінше, мамыр айынан бастап пилоттық жоба бойынша кызмет көрсетіліп келеді.

     Ал, Түркістан облысы, Отырар ауданында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл 16 мамырда іске қосылды. Қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді.

     Бекітілген кестеге сәйкес Отырар ауданында аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің жауапты маманы Жаймұрзаев Еркебұлан және дербес бөлімдердің тиісті мамандары арнайы аптасына бір күн «Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық филиалының мамандарымен бір ғимаратта отырып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне азаматтардың өтініштерін тіркеу жұмыстарына кеңестер берді. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, аудан әкіміне және орынбасарларына жеке қабылдауына тіркеу жүргізді.

     Биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап Отырар ауданы әкімдігі жанындағы халықтық кеңседегі қызметкерлер ХҚКО-дағы «Нәтиже» фронт офисіне орналасты. Мұнда күнделікті аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінен 1 жауапты маман және дербес бөлімдерден 6 жауапты маман (бір мезетте кестеге сәйкес 4 қызметкер) тұрғындарға қызмет көрсетіп, кеңестер беруде.

     Жалпы 16 мамыр мен 19 шілде аралығында ХҚКО-да қабылданған өтініштер (е-гов) саны — 5, берілген кеңестер — 54 және көрсетілген қызметтер 17 болып отыр.

    ХҚКО-да орналасқан қызметкерлердің жұмыс станциялары толық тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етіліп, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының көмегімен 8 мбит/сек жылдамдықта байланыс орнатылды.

Ntime.kz