Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жастарды спортқа баулу мақсатында студенттермен кездесу өткізді.

Басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден, яғни темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу  болып табылады.

Іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Нұрлан Сембаев және «Парасат» , «Саз» , Ә. Қастеев атындағы бейнелеу колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылды. Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды .Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден бойын аулақ ұстаудың маңыздылығын, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.

Ntime.kz