Ағымдағы жылдың 9 айында Шымкент қаласында жалпы 51 мемлекеттік орган жұмыс жасайды. Оның ішінде: 29 жергілікті атқарушы, 22 орталық органдардың аумақтық департаменттері.
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік лауазымдар саны -1975.
ЖАО мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штаттық саны – 754, Аумақтық органдар бойынша штат саны – 1221.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 1884 (950 -ер адам, 934- әйел адам) мемлекеттік қызметші қызмет атқарады.
Бүгінгі күні қаламызда 17– ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері және 11– «Болашақ» бағдарламасының түлектері бар.
Мемлекеттік қызметшілердің орташа мем.қызмет өтілі – 10,5 жыл, ал атқаратын лауазымындағы орташа еңбек өтілі – 2,4 жыл құрайды.
Ұлттық қатыстылығы бойынша мемлекеттік қызметшілердің 96,4% -қазақтар, ал қалған -3,6% өзге ұлт өкілдері.
Ағымдағы жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында 83 — қызметші қайта даярлаудан және 447 — біліктілігін арттырудан өткен.
Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша барлығы 458- ішкі және жалпы конкурстар жарияланды. Оның ішінде мемлекеттік органдар арасындағы мемлекеттік қызметшілер үшін жарияланған 198- ішкі конкурстарға 152 мемлекеттік қызметші қатысты. Бос лауазымдарға 95 мемлекеттік қызметші тағайындалды. 36 (38%) — мемлекеттік қызметші меритократия қағидаты арқылы жоғары лауазымға тағайындалды.
Осы ретте Шымкент қаласы бойынша жалпы конкурстарға 893 азамат қатысты. Конкурс комиссиясының оң қорытындысын 200 азамат алып, лауазымға тағайындалды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдарда өткізілген конкурстардың ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі этнос өкілдері байқаушы ретінде ішкі және жалпы конкурстарға қатыстырылуда.
ҚР мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Шымкент қаласы
бойынша департаменті басшысы
А.Комекбаев