№3 Облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туылған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ұрпағы көбейіп, өрісі кеңейген отбасының жас ана мен шала туған шақалақтардың өмірін арашалап қалған ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз. Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 32 –ші аптасында әйелге жедел ота жасауға тура келген. Алғаш рет ана атанған Динара Мухитованың жақындары бүлдүршіндірге Хадиша, Фатима, Захра есімдерін берген.
Дәрігерлер аман алып қалған үш қыз мерзімінен бұрын дүниеге келіп, бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. №3 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде бір келіден салмақ қосқан. Жас отбасы Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының тұрғындары.
«10 наурыз күні үшем дүниеге келді. Енді дүниеге келгенде нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымай ИВЛ-апаратында жатты. Кейін 10 күннен соң жан сақтау бөлімінен ауыстырылды. Алғашқыда салмақтары – 1 кг 480 г, 1кг 180г және 1 кг 460 болды. Бүгінде сәбилердің денсаулығы жақсы», – дейді №3 Облыстық перинаталдық орталығының сарапшы дәрігері Гульайша Ерназарова.
Айта кетсек, былтыр облыстық перинаталдық орталығында 9793 сәби дүниеге келген. Жыл басынан бері 2652 нәресте туылған.
Врачи спасли жизнь недоношенной тройне в Туркестане
Доктора Областного перинатального центра №3 в течение 40 дней ухаживали за новорожденными с весом всего 1,5 кг, а сегодня выписали из роддома передает пресс-служба акима Туркестанской области.
Семья очень благодарна врачам, которые спасли жизнь молодой маме и недоношенным малышам.
По словам медиков, на 32-й неделе беременности женщине пришлось провести срочную операцию. Близкие Динары Мухитовой, которая впервые стала мамой, дали им имена Хадиша, Фатима и Захра.
Врачи спасли трех девочек, которые родились преждевременно и неделю лежали в реанимации. Дети, рожденные с неправильным развитием легких, были подключены аппарату искусственного дыхания. Каждый из новорожденных, находившийся под строгим контролем врачей областного перинатального центра №3, за это время прибавил в весе по одному килограмму. Молодая семья — жители села Карашык города Кентау Туркестанской области.
«10 марта родилась тройня. Когда они родились, их легкие были с неправильным развитием. По этой причине они лежали в ИВЛ-апарате. Через 10 дней младенцы были переведены из реанимации. Первоначально их вес был 1 кг 480 г, 1 кг 180 г и 1 кг 460 г. Сегодня дети здоровы», — отметила эксперт областного перинатального центра №3 Гульайша Ерназарова.
Напомним, в прошлом году в областном перинатальном центре родилось 9793 ребенка. С начала года всего появилось на свет 2652 ребенка.