Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Көмекбаев Ә.А. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларын күшейтті.
Осыған орай, Департамент басшысы және қызметкерлері мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
№2 мамандандырылған бөлімінің қызмет алушыларымен жане қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Департамент басшысы қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету ең басты мақсат екендігін жеткізіп, қатаң бақылауда болатындығын ескертті.