Тараз қаласының Полиция басқармасына «Феникс» маркалы велосипедінің жоғалғаны туралы қала тұрғынынан шағым түсті деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
43 жастағы иесінің айтуынша, велосипедті дүкеннің алдындағы алаңға «тұраққа» қойған. Келтірілген залалдың көлемі 110 000 теңгеге бағаланды.
Полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы ұрлыққа қатысты күдікті ұсталды.
Сол күні жүргізілген жедел–іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған велосипедке ұқсас арбаға мініп келе жатқан күдіктіні ұстады. Ол 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізілуде.
Жамбыл облысының полицейлері велосипед иелерін тағы да өз мүліктеріне ұқыпты болуға шақырады. Велосипедті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үйлердің кіреберістерінде немесе аулаларда. Домофонның болуы да «екі доңғалақты досыңыздың» ұрылардың олжасына айналмайтындығына кепілдік бермейді. Егер велосипедіңізді қалдыру керек болса, қоршаудың немесе баспалдақтың темір таянышының сенімділігі мен төзімділігіне көз жеткізіп, содан соң берік құлыппен бекіту керек.