Мақтаарал ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Махамбет Ошантайұлы Ердешовтың бастамасымен 2023 жылдың 2 наурызында Мақтаарал ауданының Қоғамдық кеңесі, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына және Қоғамдық кеңестер апталығын ұйымдастыру және өткізу тұжырымдамасына сәйкес «Қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің жағдайы мен сипаты» тақырыбына арналған «Қарты бар ел — қазыналы ел» және «Дені сау ұрпақ — ел болашағы» атты іс-шаралардың шеңберінде қоғамдық бақылау өткізді.
Қазақстан Республикасында қоғамдық кеңестер апталығын ұйымдастыру және өткізу тұжырымдамасы негізінде Мақтаарал ауданының Қоғамдық кеңесінің апталық іс-шаралар өткізу кестесі бекітілді. Апталық іс-шаралар өткізу кестесіне сәйкес, аудандағы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Замандастар және Ten Qogam» әлеуметтік қызметтер көрсету орталғы коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қарттар қауымына көрсетіліп жатқан әлеуметтік қызметтердің сапасына және Түркістан облысының адами-әлеуетті дамыту басқармасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі мүмкіндіктері шектеулі балалардың сапалы білім алуы мен лайықты қамтамасыз етілуінің сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Апталық іс-шаралар өткізу кестесіндегі «Қарты бар ел — қазыналы ел» іс-шарасы шеңберінде Қоғамдық кеңес төрағасы М.Ердешов «Замандастар және Ten Qogam» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, ол жердегі қарттарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қызметтермен танысты. Жұмыс барысында қарттар қауымы мен кездесіп, жағдай сұрасып, көрсетіліп жатқан қызметтердің қаншалықты көңілдерінен шыққаны туралы пікірлесті.
Орталықтың ұжымымен танысып, пікір алмасты, өздерінің жұмысына шебер, кәсіби мамандар бар екеніне көз жеткізді.
Орталықта егде жастағы адамдарға арналған заманауи тренажерлар берілген, ойын-сауыққа арналған биллиард столы, шахматқа ойынына арналған орындар мен тынығу бөлмелері бар. Адам денсаулығына аса пайдалы тұз бөлмесіне ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара барысында ұжым тарапынан орталықты көп бөлмелі кең ғимаратқа көшірсе деген ұсыныс жасалды. Себебі, күннен-күнге келушілер қатары толығып, егде жастағы адамдардың саны артып жатыр деді орталықтың басшысының орынбасары Ш.Тұрымбетов.
Қоғамдық бақылауды қорытындылай келе М.Ердешов қарттарымызға «Жақсы көңіл күй – жан азығы» демекші жақсы көңіл-күй мен зор денсаулық тіледі. Орталықтың қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілей отырып айтылған ұсыныстары Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланатынын атап өтті.
«Дені сау ұрпақ — ел болашағы» іс-шарасы шеңберінде Қоғамдық кеңес төрағасы М.Ердешов «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу-тәрбие алып жатқан балалардың жағдайы мен интернаттың балаларға көрсетіліп жатқан қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізді.
Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Ердешов ең алдымен интернаттағы балалардың демалыс бөлмелері мен асханаға назар аударды. Балалардың жатын орындары мен асахананы көріп жақсы деген бағасын берді. Атап айтқанда асхананың тазалығы, ондағы ас мәзірі көңіл қуантарлықтай. Жұмыс барысында асхананың аспазшыларымен кездесіп оларға сәттілік тілеп алғысын айтты. Дұрыс тамақтану денсаулықтың кепілі демекші, М.Ердешов асхананың диетолог маманымен сұхбаттасып пікір алмасты. Интернаттағы балалардың демалыс бөлмелеріндегі төсек орындары мен оқу орындарын аралап, ол жердің тазалығы мен жылылығына көз жеткізді.
Іс-шара шеңберінде интернаттың мұғалімдерімен кездесіп ұсыныстары мен пікірлерін сұрады. Интернаттың тәрбие бойынша директордың орынбасары Садыханов Бағдат Нысанбайұлы интернатта жалпы саны 139 бала тәрбиеленіп жатқанын және балалардың оқуына қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын айтып өтті. Ескеретін жәйт қамқорлық қорынан берілген замануи LED экран интернаттың кәдесіне жарап отыр.
Іс-шараның соңында, Мақтаарал аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов интернаттың мұғалімдеріне алғысын білдіріп ұсыныстары мен пікірлері қоғамдық кеңестің отырысында ескерілетінін айтты.
Аталған іс-шараның мақсаты Қоғамдық бақылау функцияларын іске асыруда Қоғамдық кеңес белсенділігі мен тиімділігін, Мемлекет жұмысының ашықтығын көрсету және олардың қызметі туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.
Мақтаарал аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.О.Ердешов Қоғамдық кеңестер апталығы іс-шаралары шеңберінде мұндай жұмыстар ұдайы жүргізілетінін, өңірдегі маңызды мәселелер бұдан былай қоғамдық бақылауға алынатынын айтты. Апталық іс-шаралар, нәтижесі бойынша қорытындыланып, БАҚ-та және Қоғамдық кеңестің фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып тұрады.
Қоғамдық бақылау барысында Мақтаарал ауданының Қоғамдық кеңесінің апталық іс-шаралар өткізу кестесіндегі мәселелерге бақылау жасалды. Бақылау нәтижесінде әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.