Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева, Түркістан облысы, Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Темірлан спорт клубы» КММ-нің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына байланысты, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өңірдегі еңбеккерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұжым қызметкерлеріне кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды.