Бүгін Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында жуырда ғана Астана қаласында өткен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының ұйымдастыруымен талқылау жиыны өтті.
Жиынға ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, ғалымдар, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, медиация кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Кездесуде қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Т.Нишанбаев, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, «Әлем тарихы» мамандығының магистрі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығының басшысы Ш.Торғауытова, «Еуразиялық медиация орталығы» ҚБ жетекшісі, қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова сессия жұмысында көтерілген мәселелер бойынша жарыссөзге шықты. Сонымен қатар, қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Романова, ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, Шымкент университетінің «Филология» кафедрасының аға оқытушысы Ш.Болганбаева т.б. тақырыпқа сәйкес өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазіргі таңда сессия жұмысын насихаттау және түсіндіру жұмыстары бойынша Шымкент қаласының делегация құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар еңбек ұжымдарымен, студент жастармен, қала тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, өткізуде.