Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында «Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі» — деп, айрықша тоқталған ойын жер-жерде отандастарымыз жылы қабылдады. Бұл — мемлекеттік тілдің ертеңіне жаңаша сенім сыйлады.
Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылдық округінің Жыланды ауылы, Олег Кошевой ШЖЖОМ-де Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі — этносаралық татулық пен мемлекетшілдік тұғыры» атты отаншыл рухтағы азаматтардың қатысуымен еркін форматтағы кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалы, Түлкібас аудандық өзбек этномәдени бірлестік мүшелері, Түлкібас аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, Олег Кошевой ШЖЖОМ –нің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік тілді жетік меңгерген, өз кәсіби саласында белгілі бір жетістікке жеткен этнос жастарымен кездесіп, сұрақтар қойылып, өз өнерлерін қатысып отырған халыққа ұсынды.