Антикор волонтер жатақханалардағы орындарды бөлу процесінде ашықтықты қамтамасыз етуді ұсынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктісі жоғары білім беру саласында мониторинг жүргізді. Атап айтқанда, ол студенттік жатақханаларды дайындау процесін зерттеді.
Осылайша, ерікті жатақханаларды, су-жылу желілерін, тамақтану орындарын, оқу залдарын техникалық жарақтандыруға және қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етуге назар аударды.
Мониторинг нәтижелері бойынша Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп жатақханалардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындалды.
Ұсыныстардың бірі жатақханалардағы орындарды бөлу барысында ашықтықты арттыру болды.
Айта кетейік, жоғары оқу орнында 10 мыңнан астам студент оқиды. Университетте 7 жатақхана бар. Онда 3042 орын бар. Қосымша 570 орынды жалға алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жергілікті жатақханалармен жасалған келісімдер негізінде студенттерге қосымша 109 орын беріледі.
Ұсынымдарды іске асыру процесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бақылауында.
Сонымен қатар, Антикор бей-жай қарамайтын азаматтарды «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысуға шақырады. Ол үшін Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекенжайына немесе +7(72533)26932, +77017877585 телефонына хабарласуға болады.