Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 395-шақырымында жылдамдық режимін асырғаны үшін, сондай-ақ айдап әкету дерегі бойынша келіп түскен бағдар бойынша Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірмен «Kia K5» маркалы автокөлігі тоқтатылды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Тексеру барысында көліктің Ресей Федерациясында жарияланған халықаралық іздеуде екені анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автокөлік айыптұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында «Автоураган» 2 аппараттық-бағдарламалық кешені жол-көлік жағдайын жақсарту мақсатында Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарына жіберілді.