Түркістан облысы Бәйдібек ауданы АПБ басшысының орынбасары Айдос Арынбековтың бастамасымен «Отбасында зорлық – зомбылыққа жол жоқ!» брифинг болып өтті. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, халықты осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткізілген брифингке АПБ басшының орындасары А. Арынбеков, Бәйдібек аудандық жастар орталығының басшысы Ж.Көрікбаев пен қоғам белсенділері, БАҚ құралдары қатысты.
Шара барысында полиция басшысының орынбасары осы бағыттағы атқарылған жұмыстарымен таныстыра отырып, бұл брифингтің мақсаты отбасының әр мүшесіне заңды құқықтарын түсіндіру және сол арқылы құқықтық тәрбиенің негізін бастау екендігін де атап өтті. Атап айтқанда жыл басынан бері ауданда 82 қорғау нұсқамасы қойылды. Оның ішінде 12 отбасы қолайсыз отбасы есебіне алынды. Сонымен қатар 65 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды және 18 азаматқа мінез – құлқына ерекше талап қойылды. Осы секілді атқарылып жатқан жұмыстар легі біршама. Бұл шаралар өз кезегінде тоқтап қалмай, алдағы уақытта да өз жалғасын тауып отырады.
Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз, жағдайды өзгерту үшін102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Жанымызға жақын жандармен зорлық – зомбылықсыз қоғам құрайық!