Түркістан облысына қарасты 8 ауылға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келген болатын. Осы орайда денсаулық пойызы Ордабасы ауданындағы Бадам ауылдық округіне аялдады. Дәрігерлер құрамын аудан әкімі Азат Оралбаев күтіп алып, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.
Еліміздің барлық облысын аралап келе жатқан пойыз Ордабасы ауданында екі күн қызмет көрсетеді. Шара барысында құрамның бас дәрігері Айнұр Құдайбергенова тұрғындарға қызмет алу барысын түсіндірді. Дәрігерлер аудан тұрғындарын таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.
Айта кетсек, 8 вагоннан тұратын медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған. Онда терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр мамандары бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі