Бірнеше мешітке ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

полиция

Облыс полицейлері криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады. Мәселен, бірінші факті бойынша Келес ауданының мешітінде күдікті садақа жәшігінен 60 мың теңгені, ал екінші факті бойынша Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады. Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі