Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау
Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі
Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек
Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар
• жатыр мойны обыры бойынша: осы аурумен есепте тұрмайтын 30-70 жас аралығындағы әйелдер. Жиілігі: 4 жылда бір рет. Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн;
*сүт безі обыры бойынша: осы аурумен тіркелмеген 40-70 жастағы әйелдер. Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі: 60 күн;
• тоқ ішек және тік ішек ісігі бойынша: 50-70 жаста осы ауру бойынша есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдер. Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн.