Жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап патриоттық рухта тәрбиелеуге, балалардың құқықтық дүниетанымдарын арттыруда полиция департаментінің қызметкерлері мектептің ата-аналар комитетімен кездесті деп жазады Ntime.kz AA.
Келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу басты міндетіміз. «Отан – отбасынан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп қабырғасынан да басталады. Ендеше, жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу — басты парызымыз. Мектептегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан азаматы.Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы керек.
Қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – жастарды отансүйгіштік пен елімізде тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығының рухында тәрбиелеу болып табылады. Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін Кадет сыныптарының құрылуы мен жұмыс істеуін жүзеге асыру аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 89 жалпы білім беретін IT мектебінің ата-аналар комитетімен кездесті.
Кадет сыныптарының мақсаты жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап патриоттық рухта тәрбиелеуге, балаларды құқықтық дүниетанымды, жоғары рухани адамгершілікпен моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету. Сонымен қатар, тәрбиеленушілермен саптық, дене шынықтыру, атыс даярлығы, медициналық дайындық, құқықтық, эстетикалық, патриоттық тәрбие сабақтары жүргізіледі.
Департамент тарапынан ғылым магистрлері атағы бар қызметкерлер іріктеліп, аранайы мамандармен дәрістер жүргізуге ұсыныстар айтылды.