Түркістанда Қадір түніне орай ауызашар берілді

ауызашар

«Түркістан – Ахмет Ясауи» мешітінде өңір тұрғындары мен мешіт жамағатына арналып ауызашар берілді. Іс-шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов бастаған дін өкілдері қатысып, ауызашар батасын беріп, қасиетті айдың артықшылығына тоқталды.

Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов көпшіліктің санасын серпілтетін ақсақалдық ақылын айтып, батасын берді.

Түркістандағы бас мешітте өткен ауызашарда белгілі дін қайраткерлері елді бірлікке, еңбеккке шақыратын келелі ойлар қозғады. Мағыналы уағыз айтылды. Айлардың сұлтаны – Рамазанда, түндердің сұлтаны – Қадір түнінде оқылған дұғалар мен ниет-тілектер қабыл болатынын айтып, көпшілікке Аллаға құлшылық жасаудың маңызды екеніне тоқталды. Сонымен бірге Түркістан жамағаты су тасқынынан әбігерге түскен аймақтар қалыпты өмірге оралып, елдің еңсесі көтеріле берсін деген тілектерін жеткізді.

Рухани кеш соңында бабалар рухына құран бағышталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі