«Үздік тәлімгер – 2024» анықталды

тәлімгер

Тәлімгер-педагогикалық қызметте практикалық тәжірибесі бар, оқытудың үздік әдістемелерін, оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген және тәлімгерлікті жүзеге асыратын орта білім беру ұйымының педагогі. Осы саладағы үздікті анықтау, білім беру саласындағы бәсекелестікті арттыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» мен «Оқушылар сарайы» МКҚК ұйымдастыруымен «Үздік тәлімгер – 2024» байқауы өтті. Шараға Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысына жауапты қала мектептерінің тәлімгерлері қатысты.  Байқау мақсаты — Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын қаладағы мектептерде жандандыру болып табылады. Сонымен қатар, мектеп тәлімгерлерінің көшбасшылық және шығармашылық қабілетін дамыту, озық тәжірибені тарату.

Байқау кезеңдері «Мен — балалық шақтың капитанымын». Бұз кезеңде сайысқа қатысушылар  өзін-өзі таныстырды.  Шараның келесі кезеңінде педагогтар «Менің атқарған үздік жобам» үй тапсырмасы аясында бақ сынасты. Бұдан бөлек, «Өнерлінің- өрісі кең» айналымында өз өнерлерін көрсетті.  Сонымен қатар «Тәлімгер портфолиосы» құжаттары, жетістіктері, іс-шара материалдары т.б. бойынша қатысушылар бақ сынады.

Тартысты байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» №136 жоббм аға тәлімгері М.Қ. Әнуарбек, І орын — №138 жоббм аға тәлімгері А.Б.Жәрдембаева, ІІ орын — №32 жоббм аға тәлімгері А.Қ. Жаппаркулова мен №12 жоббм аға тәлімгері З.Х. Хидирова., ІІІ орын — №29 жоббм аға тәлімгері С.М.Сүгірәлі, №112 жоббм аға тәлімгері Ш.Т.Нуржанова және ЖШС «Жалын» жббм аға тәлімгері А.Т. Режепова, «Креативті тәлімгер» номинациясымен №121 жоббм аға тәлімгері Н.А. Уакбаева, «Өнерлі тәлімгер» номинациясымен №96 жоббм аға тәлімгері С.Б. Орашова, «Көрермен көзайымы» номинация №111 жоббм аға тәлімгері М.Н. Шукиралиева иеленді. Барлық жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Оқушылар сарайы «Тәлімгерлер мектебінің» жетекшісі Г.Тулеметова Алғыс хатпен марапатталды. Еске салсақ, байқау педагогикалық тәлімгерліктің үздік тәжірибелерін анықтауға, облыстың білім беру ұйымдарында мұғалім-тәлімгерлер қызметінің тиімділігін арттыруға және жандандыруға, жас педагогтерді білім беру жүйесінде бекіту мақсатында бейімдеу үшін жағдай жасауға бағытталған.