«Жас құтқарушылар» өзара үздіктерді анықтады. Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар басқармасы аудан мектептеріндегі жас құтқарушы клубтары арасында сайыс ұйымдастырды. Оған қарым-қабілеттерін және барынша дайындықтарын көрсете білген әр мектептен 10 команда іріктеп алынған. Додаға қатысушылар түрлі кедергілерді бағындырып, өрт сөндіру қағидаларын көрсетті. Кіл мықтылары арнайы марапатқа ие болды.
— Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің өткізіп жатқан жас құтқарушылар сайысына аудандағы 10 мектептен командалар қатысып, жарыстың 8 түрі бойынша бақ сынасты. Жауаптылар мұндай сайыс өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет етуді және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетуге үйретеді дейді.
Құтқарушылар клубы қаланың жүзге жуық мектебінде бар. Еңбекші ауданындағы сайыс №63 жалпы орта білім беретін мектепте өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Әр командада 7 адамнан бар. Шарты бойынша бір қызбала болуы міндеттелген.
Кіл мықтыны анықтайтын сайыста бірінші орынды №63 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы жеңіп алды. Ал екінші орын иегері 68 мектеп болса, үшінші орын №96-шы білім ұясына бұйырды. Айта өтейік жас құтқарушылар сайысын Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы да ұйымдастырған болатын.
Құтқарушы мамандығына қызығушылықты арттыру және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда психологиялық тұрақтылық пен біліктілікті арттыру мақсатында оқушылар арасында өткізілетін жарыстар болашақ жастар үшін үлкен маңызға ие, сондықтан мұндай жарыстарды қалалық деңгейде өткізу үлкен әсері бар. Еңбекші ауданының бес құрама командасы қалалық жарыстарға дайын.
Құтқарушы — қауiптi, өмiрді тәуекелмен байланыстыратын мамандық. Түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандықСу тасқыны, өрт, апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелерде ең біріншіден біз 112 нөмірін теріп, құтқарушылардың көмегін сұраймыз. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді. Лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қол ұштарын созады. Бұл олардың жасайтын ерліктері. Алайда құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жар салып, мақтанбайды. Сайыста жауаптылар жастарға осыны ұғындырғысы келді.