Құқықтық тәртіп және заң

тәртіп

Ntime.kz. Құқық тәртібі — құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық саласында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Осы орайда  Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығының ғимаратында «Құқықтық тәртіп» тақырыбында 600 жастың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ақшораев Арман, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Қарбеков Бауыржан, Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Бекенов Шарен, Полиция департаментінің киберполиция бөлімінің топ жетекшісі Жұмабай Нұрсұлтан қатысты.

Қазіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында аға полиция инспекторы сөз қозғап, өзекті ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, Полицейлер қызметтік іздестіру иттерінің бір сәттік жұмысын көрсетіп, есірткілерді иіс сезу арқылы тез табу қабілеттерінің ерекшеліктерін түсіндірді.

Сондай- ақ Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында «Заңды білмеу — жауапкершіліктен құтқармайды» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

«Авиценна» жоғары медициналық колледжінде өткен кездесуге Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полиция аға лейтенанты Нұржігіт Азимкулов қатысып, құқық бұзушылықтың орын алуы мүмкін кезеңдерге тоқталды. Сондай-ақ, заң бұзушылық фактілері орын алғанда қандай жауапкершілік көздері қаралғанын жеткізді.