«Еңбек адамы» атты тұрақты айдарымызда ұстаз — Дийметова Дильбар Абдуразакқызы.
Ғұмырының саналы бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз Түркістан қаласында 1972 жылы 16 қарашада дүниеге келген.
1979 жылы Түркістан қаласындағы С.М. Киров мектебінің 1-сыныбына оқуға барып, 1989 жылы аталған білім ошағын «Күміс белгі» — мен аяқтаған.
1989-1994 жылдары Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Гүлістан қаласындағы Гүлістан Мемлекеттік университетін «Өзбек тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Бұдан бөлек, 2013-2015 жылдары Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша өз білімін жетілдірді.
Жастайынан ұстаздық жолды таңдаған Дильбар Абдуразакқызы еңбек жолын 1994 жылы Түркістан қаласындағы Ш. Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған.
1995 жылы Түркістан қаласындағы бір ғасырдан астам тарихы бар №2 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебіне «Өзбек тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты.
2009 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары, 2014 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде жұмыс жасаған. 2020 жылдың 9 желтоқсаннан бастап осы аталған білім ордасының мектеп директоры болып қызмет атқаруда.
Бүгінде ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз еңбектеніп келеді. Білім сапасының артуына үлес қосып, талай жыл талмай еңбек етіп келе жатқан Дильбар Абдуразакқызының еңбегі де елеусіз емес.
— 2017 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Өнегелі азамат» және Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен;
— 2019 жылы Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен;
— 2020 жылы«Білім беру саласындағы озаты» төсбелгісімен;
— 2021 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен және Қазақстандағы өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлерін, ұлтаралық татулығын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін «Дўстлик» медалімен,
— 2023 жылы Республикалық «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанған.
Бұдан басқа еңбек еткен жылдары облыстық, қалалық білім басқармаларының және кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Бүгінде кейіпкеріміз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіподақ комитетінің барлық бастамаларын қолдап, әрдайым әріптестерінің мүддесін қорғап келеді. Сондай-ақ , әлеуметтік маңызы зор қалалық жобаларға да белсене атсалысады. Бойына адалдық, әділдік, қамқорлық, еңбекқорлық сынды жақсы қасиеттерді жинай білген Дильбар Абдуразакқызы оқушылар мен ұжымдастарына сыйлы, ата-аналар арасында үлкен құрметке ие.
Шәкірт тәрбиелеу жолындағы елеулі еңбегіңіз әрдайым елене берсін!