Бірқатар мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері кешіктірілген

Бірқатар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Кезекті бақылау жүргізу барысында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жұмыс уақытының бұзылуы бойынша 210 фактілері анықталды.

Мәселен, «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» және т.б. мемлекеттік қызметтер кездеседі.

Аталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта олардың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан тиісті мекемелерге ұсыныс хаттар жолданып, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.