Қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – жастарды отансүйгіштік пен елімізде тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығының рухында тәрбиелеу болып табылады. Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады. Келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу басты міндетіміз. «Отан – отбасынан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп қабырғасынан да басталады. Ендеше, жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу — басты парызымыз. Осы орайда Сайрам ауданының әкімдігі «Республика күніне» орай, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында маңызды іс-шара өткізуде. Аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Арыс ауылдық округіндегі Рустемов мектебінде жоғары тәрбиелік және идеологиялық мағынасы бар кинофильм көрсетілді. Іс-шарада Арыс ауылдық округі әкімінің орынбасары Рыстай Шарниязович сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті. Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап патриоттық рухта тәрбиелеуге, балаларды құқықтық дүниетанымды, жоғары рухани адамгершілікпен моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Көрсетілім барысында фильмнің әсерлі мазмұны көрермендердің көңілін толқытып, көпшіліктің жүрегіне жетті. Олардың арасында ерекше эмоцияға беріліп, көз жасына ерік бергендер де кездесті.
Бұл бастама қазан айының 14-18 күндері аралығында басқа ауылдық округтерде де жалғасын табады.