Жасырын қызметтерді анықтау жұмыстары жалғасуда

Жасырын

Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында келесі мән-жайлар анықталды.
«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесінде: ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі ұсынылады деп көрсетілген.
Сәйкесінше, «Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен бекітілген.
Ал аталған қызмет түрі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмегендігі анықталды.
Осыған байланысты, қызметтер жүйесін жетілдіру мақсатында аталған қызметті, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданатын болады.