Қазақстандағы Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы пайдаланушыларға арналған ЖИ-ға жүгінетін чат-ботты іске қосты

Тауарларды
  • Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Қазақстанда тауарларды таңбалау және қадағалау жобасы туралы жедел ақпарат ұсынатын жаңа чат-ботты таныстырды. Чат-бот оператормен, жүйемен өзара әрекеттесуді жылдамдатады, процесті мүмкіндігінше ыңғайлы етеді және мына мәселелерді шешуге көмектесе алады:
  • Жүйеде тіркеуден бастап, жабдықтың техникалық сипаттамаларына және нормативтік ақпаратқа дейінгі аралықтағы таңбалау процесіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге;
  • Техникалық мәселелер бойынша кеңес беруге, мысалы: цифрлық кодтарға тапсырыс беру, құжаттарды қалыптастыру және жүйелерді біріктіру;
  • Таңбалау заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдық туралы ақпаратты пайдаланушылармен бөлісуге;
  • Чат-бот қолжетімді IT-технологиялар негізінде жұмыс істейді, бұл пайдаланушыларға жан-жақты ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде ЖИ құралдары миллиондаған адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, жұмыс тапсырмаларын жеңіл әрі қолжетімді етіп отыр.
  • «Біз тұтынушылармен және стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу жылдамдығы мен сапасы басымдыққа ие екенін түсінеміз. Чат-бот ЖИ шешімдері арқылы процестерді жеңілдетуге және тезірек шешуге көмектеседі», – деп атап өтті Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының R&D директоры Асыл Құлмағамбетов.
  • Чат-бот әзірлеу Бірыңғай оператордың технологияларды тиімді қолдануға және нарықтың барлық қатысушылары үшін өзара әрекеттесуді жеңілдетуге деген ұмтылысын растайды.
  • Чат-бот тәулік бойы қолжетімді және Telegram платформасында пайдаланушылардың сұрақтарына жауап беруге дайын. Чат-ботпен жұмыс істеу үшін сілтемеге өту қажет.  https://t.me/markaskbot