Жалағаш ауданында қысқы маусымға мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Аудан көлемінде жем-шөп дайындау, соның ішінде шабындық жерлерді анықтау және арзандатылған жанар-жағар май бөлу мәселелерін шешу мақсатында арнайы штаб құрылды.
Қысқы мезгілде малдарды азықпен қамтамасыз ету үшнін ағымдағы жылы 600 гектар бидай, 142 гектар жүгері, 30 гектар арпа, 3960 гектар жаңа жонышқа егіліп, 6800 гектар ескі жонышқа күтімге алынды.
Осы орналастырылған ауылшаруашылығы дақылдарынан бидайдан 384 тонна, жүгеріден 114 тонна, 24 тонна арпа, жаңа жонышқадан 4474 тонна, ескі жонышқадан 33388 тонна мал азығына өнім алыну жоспарлануда.
Сонымен катар күріштен 17мың 500 тонна мал азығындық ұсақ жем, аудан бойынша барлығы 18022 тонна мал жемі өндіріледі деп жоспарлануда. Жетіспейтін 3118 тонна жем басқа өңірлерден сатып алынады.
Ағымдағы жылы мал азығындық дақыл ескі жонышқаның бірінші орымынан 6500 гектардың әр гектарынан 25,1 центнерден 16315 тн өнім алынса, екінші орымының 290 гектардың әр гектарынын 25,5 цн 470 тонна өнім жиналды.
Аудандағы жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жем-шөптің бағасын тұрақтандыру мақсатында 8 шаруашылықпен меморандум жасалды. Меморандумда мал азығындық дақылдарды оның ішінде жонышқа және қамыс шөптерін, сабан (күріш қалдығы), бидай, арпаны қол жетімді бағада ауданның жеке қосалқы шаруашылықтарына сатуды қамтамасыз ету, мал азығындық дақылдардың бағасын негізсіз өсірмеу қарастырылған.
Сонымен қатар аудан колеміндегі шабындық жерлерді нактылап шөп дайындау максатында табиғи шөп өскен аймактар шаруашылыктарға ұсынылуда.
Аудан көлемінде жем-жөп өндіретін шаруашылықтарға өнімдерін басқа облыстарға сатуын тоқтата тұрып, жергілікті мал өсіріп отырған шаруашылықтарға, халыққа сату ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 5 маусымында Арал ауданында өткен жем-шөп жәрмеңкесіне ауданнан 5 көлік тіркемесімен мал азығындық жонышқа шөбі (3000 дана) жеткізіліп, халыққа қолайлы бағада сатылды.