KazAID семинары БАҚ өкілдері мен баспасөз хатшыларын ДРК мәселелерін талқылауға біріктірді

KazAID семинары

2025 жылғы 14 мамырда Астанада KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігі пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Халықаралық журналистика: дамуға ресми көмек» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өтіп, баспасөз хатшылары мен журналистерге арналған екі модульден тұрды. Бірінші модуль мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылын қамтыса, екінші модуль халықаралық қатынастар саласындағы журналистиканың дамуы мен Қазақстанның дамуға ресми көмегін жариялауға арналды.

Семинардың ашылуында KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов құттықтау сөз сөйлеп, дамуға ресми көмегі тақырыбын жариялаудың және шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер қатарында KazAID серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің директоры Карлыгаш Ахметова, 20 жылдан астам дипломатиялық тәжірибесі бар Гаухар Бейсеева, PR room негізін қалаушы және PR саласының кеңесшісі Айнур Байгожа, сондай-ақ медиа-менеджер және коммуникация бойынша кеңесші Айгерім Акбергенова болды.

Семинарға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың, БАҚ пен жоғары оқу орындарының өкілдері – баспасөз хатшылары, редакторлар, продюсерлер және сарапшылар қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар қатарында әкімдіктер, ведомстволар мен медиа саласының өкілдері болды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.