Түркістан облысында референдум күні әлеуметтік желіде челлендж басталды

челлендж

Түркістан облысында 1 187 257 азамат референдумда дауыс беру құқығына ие. Бүгін 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір бойынша 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Референдум күні өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде арнайы челленджді қолға алды. Азаматтар дауыс беру сәтінен фото және бейнежазбаларын #МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым хештегтерімен әлеуметтік желіде жариялап жатыр.

Бұл бастама тұрғындарды маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруды көздейді. Әлеуметтік желідегі челлендж арқылы көптеген тұрғындар референдумға қатысып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі