17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен (ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орын) шеберлік байқасты. Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен екі сетте сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
Осы табысының арқасында Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы доданың келесі кезеңінде түркістандық теннисші Мотохару Абе (Жапония) – Агасси Рашер (АҚШ) матчының жеңімпазымен кездеседі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
