ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫНЫҢ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласында тағы 30 отбасының баспана жағдайы жақсарды. Тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.

Баспана жалға беру және кейіннен сатып алу құқығы қарастырылған бағдарлама аясында беріліп отыр.

 Жаңа қоныс иелерінің қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

 Пәтерлер Бозарық шағынауданындағы жаңа көп қабатты үйлерде орналасқан. Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес салынған үйлер барлық қажет инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

 Айта кетейік, пәтер беру баспана жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар кезегін кезең-кезеңімен қысқартуға бағытталған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда.

Источник: с сайта gov.kz