Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні Түркістан облысының Әділет Департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбектің төрайымдылығымен ауданаралық әділет басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері, Департаменттің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жауапты мамандары, Түркістан облысының Нотариаттық палатасы нотариустарының қатысуында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №3 хаттамасының 2.22-тармағын орындау мақсатында, көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтер иелерінің кооперативі басқарудың жаңа нысаны мүлік иелері бірлестігіне көшу тәртібін және оны электрондық тіркеуді жүзеге асыру мүмкіндігін түсіндіру бойынша және тұрғын үй құрылысы кооперативтерін типтік келісім шарттарын тіркеуге қатысты семинар кеңес өткізілді.Іс-шара барысында Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Пирметов «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысы кооперативтерін типтік келісім шарттарды міндетті тіркеуден босату мәселелері бойынша және әділет органдарында коммерциялық емес ұйым болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асыру тәртібі мен құжаттар топтамасы туралы түсіндірме берді.
Түркістан облысы Әділет Департаменті