Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру

Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі ол – азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау.

Бүгінгі күні, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы мекемелерімен жалпы 169 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. А.ж. 9 ай қорытындысымен жалпы 30 млн. жуық қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік корпорацияға қарасты 9 ХҚКО бар, оның ішінде 6 қалалық,
3 мамандырылған ХҚКО бар.

Қазіргі таңда, Президентіміздің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырудың деңгейі 94% құрады.

Осы орайда, бақылау тетіктері де цифрландырылып, бүгінгі күні бақылау жұмысы тиісті ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы қашықтықтан жүргізілуде.

Бүгінгі күнде Департаментпен мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қорғауда және олардың бұзылуына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыстарды жүргізуде.

Жалпы, Департаментпен ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 538 адамның құқығы қалпына келтірілді.

Мысалы, қала тұрғыны №83 жалпы орта мектепке балаларды оқуға беру мақсатында электронды түрде өтініш жолдаған.

Қағидаларға сәйкес, балаларды оқуға қабылдау қызметінің нәтижесі 1 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Алайда, тексеру жұмыстар барысында аталған өтініш 83 жалпы орта мектеп тарапынан қаралмай қалып кеткендігін анықталды.

Осы ретте, Департаментпен тексеру жұмыстары барысында анықталған бұзушылық бойынша тиісті ұсыныстар жолдады.

Нәтижесінде, №83 жалпы орта мектеп тарапынан қала тұрғынының құжаттары қабылданып, баланы оқуға қабылдау бойынша бұйрық тіркелді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті