Түркістан облысында мұғалімдер мен полция өкілдері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина ала бастады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ол үшін аймаққа «Спутник V» вакцинасының 10 мыңға жуық дозасы жеткізілді. Ерікті түрде екпе жасатуды жөн көрген ұстаздар мен полиция қызметкерлерін алдымен дәрігерлер тексереді. Сондықтан егу жасату алдында азаматтар сырқаттан дін аман болуы міндетті. Соңғы мәліметке сәйкес, Түркістан облысында 500-ге жуық педагог мен 200-дей полиция қызметкері вакцина салдырған.
Еске салайық, елде коронавирусқа қарсы егу науқаны 1 ақпанда басталды. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 6 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді. Наурыз айының ортасында облысқа тағы 8600 мың доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Вакцинация ерікті және 18 жастан 60 жасқа дейінгі жас санатына арналған.
Бірінші кезекте екпені дәрігерлер, педагогтар, полиция қызметкерлері сала алады. Естеріңізге сала кетейік, өңірде КВИ-ға қарсы вакцинация жыл соңына дейін жалғасады. Бұл халықтың 45-50% — ын қамтиды. Соңғы тәулікте Түркістан облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.
Педагогов и полицейских Туркестанской области вакцинируют от Covid-19
Порядка 10 тысяч доз вакцины «Спутник V» завезли в регион, чтобы сделать прививки учителям и стражам правопорядка передает пресс-служба акима Туркестанской области. Напомним, что перед добровольной вакцинацией человека осматривает врач. Если противопоказаний нет, его допускают к процедуре.
Прививочная кампания от коронавируса в стране стартовала 1 февраля. В Туркестанской области уже привито 5636 человек, в том числе 435 педагогов и 163 полицейских.
Ожидается, что в середине марта в область завезут ещё 8600 тысяч доз вакцины для людей в возрасте от 18 до 60 лет. В первую очередь прививку смогут поставить медики, педагоги и сотрудники полиции. Напомним, в регионе вакцинация против КВИ продлится до конца 2021 года с охватом до 45-50% населения. За последние сутки зарегистрировано 3 случаев заболевания коронавирусной инфекцией, прирост составил 0.06%. Всего зарегистрировано 4334 случая КВИ, из которых без симптомов протекали 2785. В инфекционных больницах всего 610 мест, 536 из них свободно.