Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді. Бұл 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Жоспар бойынша әр күнге өзіндік атаулар беріліп, атауларға сәйкес мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.Жоспар негізгі 6 бағытқа бөлінді. Олар:• «Ұлттық құндылықтарды дамыту бағыты» — 15 іс-шара;• «Білімді жастарды қолдау бағыты» — 13; • «Мәдениет саласын дамыту» — 22;• «Кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру бағыты» — 8;• «Азаматтарды әлеуметтік қолдау бағыты» — 7;• «Мерекеге орай ашылатын нысандар» — 31.Сонымен қатар, әр күннің өзіндік атауларын Тәуелсіздік жылдарымен байланыстыра отырып, республикалық және жергілікті БАҚ-та кеңінен насихаттау жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан айтты.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы