Ағымдағы жылдың 09 желтоқсан күні Түркістан облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманы басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен болдырмауға және Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру бағытында қарым-қатынас орнату арқылы бірлескен іс-шараларын ұйымдастыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды.Аталған мәжіліске Түркістан облысының Әділет Департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қожахметов және департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, «Әділет органдары қызметкерлерінің арасында әдептілік нормаларының сақталуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, алдын-алу мен болдырмауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жөніндегі» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының Әділет департаменті, «Nur Оtan» партиясының Түркістан облыстық филиалымен бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумы келісіліп бекітілді.Меморандум аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптарының сақталуына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикалық жұмысын жақсарту аясында құқықтық түсіндіру (дөңгелек үстел, семинар-кеңестер, тәжірибелік конференциялар т.с.с.) жүргізуді, Әділет органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен осы санаттағы қылмыстарды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілерін алдын-алу және болдырмау үшін тараптармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды, тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамаларға сүйене отырып, өзара сенім білдіріп, бірлескен іс-шараларды жүзеге асырмақ.
Түркістан облысының Әділет департаменті