Ауданда жалпы 234 спорт ғимараттары жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1 стадион (спорт мектебіне қарасты), 1 спорт кешені (спорт мектебіне қарасты), 14 футбол манежі (спорт мектебіне қарасты 1, аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 4, ауыл округ әкімі аппаратына қарасты 1, жеке меншікте, 7 атқыштар тирі (барлығы да білім беру ұйымына қарастысы), спорттық алаңдар 154. Оның ішінде: 93 жазықтық құрылғылар, 61 алаңдар (спорттық мәндегісі 69, білім беру ұйымына қарастысы 75) және 57 спорт зал (аудандық білім беру ұйымына қарастысы 45 спорт залы, арнайы оқу мекемелерінде 1 спорт зал, спорттық мәндегісі 9 зал).
Аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамыта отырып, ауыл тұрғындары мен спортшыларшылардың барлық спорт түрлеріне қызығушылығы артуына байланысты жалпы спорттың 26 түрі қамтылған.
Аудан бойынша ағымдағы жылы салынған спорт ғимараттары саны жабық қаңқалы кіші футбол алаңы – 6, спорттық алаңдар – 2, спорт зал – 2. Ордабасы жерінен ҚР еңбегі сінген 11 жаттықтырушы, 3 спорт қайраткері, 20 — Әлем жеңімпазы, 18 — Азия жеңімпазы, 20 — Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, 28 – ХДСШ-і, 165-тен аса спорт шебері шыққан. 2021 жылдың спортшылардың жетістіктері: Ұлттық құрамаға енген-10, ҚР жеңімпазы -7 (алтын), ҚР жүлдегері -9 (күміс) және 12 (қола), облыс құрамасына енген-11, облыс жеңімпазы -18 (алтын), облыс жүлдегері-21 (күміс) және 25 (қола) медаль жеңіп алған.
Ордабасы ауданы әкімі Б.Батыршаевтың 22.09.2021 жылғы №486 қаулы мен Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Темірлан спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды.
Ордабасы ауданы ішкі саясат бөлімі