Сан ғасырлық бабалар аманат еткен, тәуелсіздік тұғырыныа жеткенімізге міне 30 жыл толып отыр.
Бір ғана Тәуелсіздік деген сөздің өзінде қаншама мән-мағына жатыр. Тәуелсіздік жолы-азамат жолы. Тәуелсіздік жолы-бабалар жолы. Кейінгі ұрпаққа аманат болған болашақ жолы. Бүгінде, біз бірлігі жарасқан, даму үстіндегі Тәуелсіз елміз. Осы 30 жылда халқымыз тыныштықта Отанымыз еркіндікте, еліміздің бірлігі артып, берекесі кірді, іргеміз тыныш, түндеріміз –бейбіт, күндеріміз нұрлы. Бізге өз тауелсіздігіміз қымбат ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат-ата тарихымызды ана тілімізді, дінімізді, тілімізді қаз-қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ал, сол Тәуелсіздігімізге құрметпен қарап, болашақ ұрпақ санасына сіңіру біздің Тәуелсіздігімізге құрметпен қарап, болашақ ұрпақ санасына сіңіру біздің міндетіміз. Ал, болашақ ұрпақтың міндеті Тәуелсіздіктің отын сөндірмей, бабалар мұра еткен Тәуелсіздікті жандандыру. Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, керегеміз берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.
Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Амирханов.