Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы. Т.Рысқұлов ауданына қарасты Қорағаты ауылына көгілдір отын берілді. Бұл сәтті тұрғындар 67 жыл сарыла күткен болатын. Енді, міне көпшілік сол қуанышты Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен бірге атап өтті.
Қуанышты іс-шараға аудан басшысы Ерболат Садырқұлов, ауылдың үлкен-кішісі және мердігер компания өкілдері қатысты.
Жиналғандар газ алауын іске қосу салтанатына куә болды.
Ең шалғай орналасқан ауылдардың бірі болып саналатын Қорағаты ауылының халқының саны 1050 адам құрайды.
ауылдықтар үшін ғасырдың басты жаңалығына баланатын қуанышты бөлісуге келген аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы бейбітшілік аспанының астында елімізде, оның ішінде ауданымызда атқарылған жұмыстар мұнымен тоқтамайтынын, алда әлі де жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей рет- ретімен атқарылатын жұмыстар бар екенін жеткізіп, ауыл тұрғындарын ел Егемендігімен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындары осы қуанышқа қатысы бар тұлғаларға алғыстарын айтты.
Бұл — Тәуелсіздіктің жемісі.
Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы