InfoKazakhstan сайтынан залалды өтеу туралы 67 өтінім өңірлік комиссияның қарауына жіберілді

Кәсіпкерлер тәртіпсіздіктерден келтірілген залалды өтеу туралы өтініштерін жүктеп жатыр. «Атамекен» ҰКП деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 24 қаңтардағы жағдай бойынша 67 кәсіпкер құжаттарды InfoKazakhstan.kz сайтына жүктеген.

Қол қойылған өтініштердің 94%-ы – Алматы қаласынан, қалған 6 пайызы  Нұр-Сұлтан, Шымкент, сонымен  қатар Алматы және Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерден түскен.

Өтінімдердің көбі зардап шеккен сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің иелері, жалға алушыларына тиесілі – 30 өтінім. Бизнес-орталықтар мен кеңселердің меншік иелерінен – 9 өтінім, азық-түліктік емес тауарлар саудасының өкілдерінен – 6, азық-түлік дүкендерінен – 4 өтінім, ұялы телефон сату нүктелерінен 3 өтінім түскен. Бірқатар сала кәсіпкерлері: қоғамдық тамақтану, киім және аяқ киім саудасы, автосалондар және автобөлшектерді сататын дүкендер 2 өтінімнен берді. 1 өтінімнен қызмет көрсету (химиялық тазалау, кір жуу орындары, ателье), білім беру, жүк тасымалдау, зергерлік бұйымдар саудасы салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерден, нарық, айырбастау пункті, ломбард, әуежай иелерінен келіп түсті.

Еске салайық, залалды өтеу туралы өтінішті Өңірлік комиссиялар 5 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Мақұлдаған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.

Қаражат өтініш берушіге тиісті шешім қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының Бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген есеп айырысу немесе карточкалық шотқа аударылады.

«INFOKAZAKHSTAN.KZ ПЛАТФОРМАСЫНДА ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУ КЕРЕК» НҰСҚАУЛЫҒЫ

Назерке Бауыржанқызы НПП «АТАМЕКЕН» қоғаммен байланыс Департаменті директорының орынбасары